Басты бет/Бағыттар/Dasco Capital

Dasco Capital

Терең сараптама мен ұзақ мерзімді көзқарасқа сүйене отырып, қорларды басқарамыз

Активтерді басқару, инвестициялық кеңес беру, M&A мәмілелерін сүйемелдеу, due diligence және қаржыландыру тарту. АХҚО лицензиясы

Толық циклді инвестициялық кеңесші

Dasco Capital клиенттерді мәмілені іздеу мен құрылымдаудан бастап қаржыландыру тартуға және қаржылық жабуға дейін сүйемелдейді.

  • Тек клиент мүддесінде әрекет ететін тәуелсіз инвестициялық кеңесші
  • Мәмілелерді іздеу және қаржыландыру стратегиясы
  • Инвесторлармен, кредиторлармен және даму институттарымен келіссөздер
Dasco Capital-дағы инвестициялық кеңес беру Инвестициялар
Қорлар

Басқарудағы қорлар

Киноқор

Жеке капитал мен креативті экономиканы біріктіретін Қазақстандағы алғашқы жекеменшік венчурлық киноқор. Қор коммерциялық әлеуеті бар фильмдер өндірісіне инвестиция салып, қазақстандық оқиғаларға негізделген туындылардың ішкі және халықаралық нарықтарда табысты жобаларға айналуына ықпал етеді.

Қор 15–20 фильмді қаржыландыруды жоспарлап отыр

Толығырақ →

Венчурлық қор

Tolqyn AI Venture Fund — цифрлық ойын-сауық саласындағы зияткерлік меншікке және креативті индустрияларға арналған жасанды интеллект технологияларына инвестиция салатын венчурлық қор. Қор портфелі жаһандық нарық пен Қазақстан және Орталық Азия нарықтары арасында тең бөлінеді.

Қордың нысаналы көлемі — 50 млн АҚШ доллары

Толығырақ →
АХҚО лицензиясы

Активтерді басқару және инвестициялық консультациялау бойынша лицензияланған компания

Dasco Capital Ltd-нің реттелетін қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы, АХҚО / AFSA

AFSA-A-LA-2023-0013

Dasco Capital Ltd. АХҚО-ның Collective Investment Scheme және Advising on Investments and Arranging Deals in Investments лицензиясына ие

АХҚО артықшылықтары

  • Актілер Англия мен Уэльстің жалпы құқығына (Common Law) негізделген
  • Тәуелсіз сот және төрелік

0%

Салық жеңілдіктері*

  • Корпоративтік табыс салығы
  • ҚҚС
  • Жеке табыс салығы
  • Мүлік салығы
  • Жер салығы
  • Құн өсіміне салынатын салық

АХҚО-ның негізгі нормативтік талаптары

  • Реттеушіге тоқсан сайынғы есептер
  • Заңнаманы сақтау және AML талаптары
  • Ішкі саясаттар
  • Ішкі және сыртқы аудит
  • Инвестициялық комитет

* 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.