Tolqyn Film Fund OEIC Ltd. өз жобалық компаниясы Tolqyn Pictures арқылы Brave Talents креативті медиакомпаниясымен толықметражды көркем фильм «7 қарақшы» өндірісіне қатысты келісімшартқа қол қойды. Картинаның түсірілімі 17 қыркүйекте басталды, ал фильмнің премьерасы 2026 жылға жоспарланған.
«7 қарақшы» – драма мен комедия элементтері бар ауқымды шытырман оқиғалы боевик, сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы «истерн» жанрындағы фильм болмақ. Жобаның режиссері – Қуаныш Бейсек, продюсері – Алмас Жәлі, халықаралық продюсері – Анна Качко, сценарий авторлары – Алдияр Жапархан мен Қазыбек Оразбек, бас оператор – Багдат Арғынов. Өндірісті Tartaria Films студиясы жүзеге асырады.
Жұлдызды актерлік құрамға Еркебұлан Дайыров («Қаш», «Амре», «Қазақ хандығы»), Винценц Кифер («Джейсон Борн», «T-34», «Спиди-гонщик»), Азат Жұмаділ («Sheker. Соңғы мүмкіндік», «Бауырлар»), Әшім Ахмет (Qaitadan, «Хотя бы кинода», «Әкім»), Шұғыла Ешенова (Qaitadan, «Sheker. Соңғы мүмкіндік»), Ерболат Әлқожа («Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында»), сондай-ақ Кенжебек Башаров, Индира Сабирова, Шәріпбек Закиров және басқалары енді.
Фильмнің дистрибьюторы – Ascar Cinema (Meloman Entertainment), Қазақстан мен Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі жетекші кинодистрибьютор, сондай-ақ Walt Disney Studios пен Sony Pictures Entertainment компанияларының аймақтағы ресми серіктесі.
Айта кету керек, Tolqyn Film Fund АХҚО алаңында тіркелген, Dasco Capital Ltd. басқаруымен жұмыс істейді және тек кәсіби инвесторларға арналған. Бұл Қордың екінші инвестициялық мәмілесі. Бұған дейін Tolqyn режиссер Әлішер Утевтің «Дәстүр 2» атты хоррор жобасына инвестиция салған болатын, ол Қазақстан тарихындағы ең кассалық фильмнің сиквелі болып табылады.
Dasco Capital CEO-сы Дармен Садвакасов атап өткендей: «Бұл біз үшін маңызды инвестициялық шешім. Біз команданың шығармашылық әлеуетіне, Қуаныш Бейсектің режиссерлік көзқарасына сенеміз және қазақстандық креативті толқынның қалыптасуына негіз қалап жатырмыз. Tolqyn Film Fund-тың басты миссиясы – үздік таланттарға ең батыл идеяларын жүзеге асырып, коммерциялық табысқа жетуге мүмкіндік беру. Фондтың инвестициялары арқылы біз ұлттық кино мен шығармашылық топтарды сенімдірек әрі бәсекеге қабілетті етеміз, халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтеміз және қазақстандық киноның жаһандық деңгейде өзін көрсетуіне жағдай жасаймыз».
Brave Talents бас директоры Алмас Жәлі: «7 қарақшы» бірлескен жобасы Tolqyn Film Fund-пен жемісті әріптестіктің жалғасы болады және саланы дамытуға елеулі үлес қосады. Brave Talents командасы коммерциялық кино өндірісінде жаңа стандарттарды қалыптастыруға бағытталған және көрермендерге драйв пен эмоцияға толы оқиғалар ұсынуға дайын».
Tolqyn Film Fund CEO-сы Эрнар Курмашев: «7 қарақшы» қазіргі заманғы киноиндустриядағы ең маңызды және ауқымды фильмдердің бірі бола алады. Жоба тарихи кезеңді қайта бейнелеп, күрделі трюктер мен қарқынды экшнді талап етеді. Бұл ұлттық кино үшін жаңа деңгей. Біз жобаға және оның елімізде кассалық хитке айналып, кейін халықаралық сатылымға шығу әлеуетіне шын жүректен сенеміз».
Tolqyn Film Fund – Қазақстандағы алғашқы венчурлық инвестициялық қор, толықметражды көркем фильмдер мен анимация өндірісіне қаржы салуға маманданған. Қор активтері қазақстандық және халықаралық жобалар портфеліне инвестицияланады, алдағы уақытта прокат пен дистрибуциядан пайда табу мақсатында. Қорды тәжірибелі команда басқарады, олар жобаларды мұқият іріктеу, талдау және басқарумен айналысады.
Жобаларды іріктеу үш кезеңнен тұрады: өтінімдерді қабылдау және шорт-лист жасау, шорт-листке енген жобаларды Advisory Board қарауы, Инвестициялық комитеттің соңғы инвестициялық шешім қабылдауы. Бүгінгі таңда ашық питчинг пен тікелей келіссөздер нәтижесінде Қорға 11 елден 95 өтінім келіп түсті, үш Advisory Board отырысы өтті, жаңа жобалар қаралуда.
