Басты бет/Команда/Дармен Садвакасов

Директорлар кеңесі, Dasco Capital

Дармен Садвакасов

Dasco Group негізін қалаушы, төрағасы және CEO

Кәсіпкер, стратегиялық басқару және инвестициялар саласындағы сарапшы. 2018 жылы Dasco Group компаниясын құрып, оны Қазақстанның жетекші тәуелсіз консалтингтік компанияларының біріне айналдырды. Компания стратегиялық және технологиялық консалтинг, инвестициялар және қорларды басқару бағыттарын біріктіреді.

Экономикалық талдау, инвестициялық стратегия және корпоративтік даму салаларында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және мұнай-газ саласында басшылық қызметтер атқарған, соның ішінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да талдау және стратегия бағыттарын басқарған. Қазіргі уақытта креативті экономика мен жасанды интеллект саласындағы инвестициялық бастамаларды, соның ішінде Tolqyn Film Fund және Tolqyn AI Venture Fund қорларын дамытуда.

Карнеги — Меллон университетінің мемлекеттік басқару магистрі, инвестицияларды басқару саласындағы PhD дәрежесінің иегері. Кембридж университетінде тағылымдамадан өткен. London Business School оқу орнының қаржы саласындағы және Боккони университетінің тікелей және венчурлік инвестициялар (Private Equity & Venture Capital) бойынша сертификаттарына ие. Гонконг–Қазақстан іскерлік қауымдастығының (Hong Kong–Kazakhstan Business Association) төрағасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сарапшылық кеңесінің мүшесі.

Шахматтан халықаралық гроссмейстер. 1998 жылы Қазақстан тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан чемпионатын бес рет жеңіп, көп жыл бойы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғады. 2001 жылы Гарри Каспаровпен өткізген екі партияны тең аяқтап, 2004 жылы бұрынғы әлем чемпионы Анатолий Карповты матчта жеңді. Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті және Азия шахмат федерациясының вице-президенті.

← Командаға оралу