Tolqyn Film Fund OEIC Ltd. Орталық Азия елдері үшін киножобалар питчингіне қатысуға шақырады

Dasco Capital Ltd. басқаратын Tolqyn Film Fund OEIC Ltd. (бұдан әрі – Қор) Орталық Азия елдері үшін толықметражды фильмдер мен анимациялар бойынша киножобаларды қабылдау туралы хабарлайды (хронометражы — кемінде 75 минут) және үш кезеңді қамтиды:

1-кезең: Өтінімдерді қабылдау және іріктеу, қысқа тізім құру. Тек коммерциялық әлеуеті бар жобалар қарастырылады.

2-кезең: Advisory Board отырысында қысқа тізімге енген жобалар қаралады. Іріктелген киножобалар Қордың Инвестициялық комитетінің қарауына жіберіледі.

3-кезең: Қордың Инвестициялық комитетінің киножобаларға инвестициялау туралы шешім қабылдауы.

Бірінші кезеңде үміткерлер 2026 жылдың 28 сәуірі мен 30 мамыры аралығында Астана уақыты бойынша 23:59-ға дейін tolqyn@dasco.kz электронды поштасына келесі құжаттарды жіберуі керек:

1) Жобаның презентациясы:

– атауы, тақырыбы, жанры, мақсатты аудиториясы;
– идеялық шабыт пен референстер (сәтті фильмдермен салыстыру);
– аудиовизуалды презентация (трейлер, тизер немесе сизл-рил, ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс);
– жобаның әлеуметтік және/немесе мәдени маңызы;
– актерлік құрам (dream cast);
– негізгі продюсерлік және режиссерлік құрам мүшелері;
– команда тәжірибесі, портфолиосы және коммерциялық жетістіктері.

2) Көркем сценарий:
PDF форматында, Courier New қарпі, кегль 12, бір аралық интервалмен, көлемі кемінде 50 бет.

3) Қаржылық жоспар:
– жобаның жалпы құны;
– жобаның шығындар лимиті (шығындардың егжей-тегжейлі сметасы);
– Қордан сұралатын инвестиция көлемі;
– ықтимал серіктес-продюсерлер, гранттар, демеушілер;
– Қордың қаржыландыру графигі мен өндірістік-күнтізбелік жоспары;
– дистрибуция мен кірістің алдын ала жоспары (ішкі, халықаралық прокат, ТВ, стримингтер);
– кассалық табыстың сценарийлері (пессимистік, мақсатты, оптимистік болжамдар);
– күтілетін табысты бөлу механизмі (waterfall моделі).

4) Маркетингтік жоспар:
Кинотеатрларда, теледидарда, әлеуметтік платформаларда, сыртқы жарнама арқылы, шетелде және т.б. бағыттар бойынша насихаттау шараларын қамтуы қажет.

Бірінші кезеңнен өткен киножобалар питчингтің екінші кезеңіне жіберіледі.

Питчингтің екінші кезеңі онлайн форматында өтеді.

Үміткерлерге жоба таныстырылымына 10 минут, Advisory Board мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге 10 минут беріледі.

Екінші кезеңнің өтетін уақыты мен орны туралы ақпарат, сондай-ақ әр кезеңнің нәтижелері әр үміткерге жеке хабарланады.

About The Author